24 мамырда «Bolashaq» Академиясында «Интернеттегі арбауды тану жолдары және оның жастарға қауіптілігі» тақырыбында Қарағанды облысының Діни істер басқармасы жанындағы «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерделеу және талдау» орталығы мамандары студенттерге ақпараттық- түсіндіру дәрісін жүргізді. Дәріс спикерлері: ҚММ инспекторы К.В. Метревели және теолог маман Ж.Б. Қарсыбекова.
Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған бұл ақпараттық – түсіндіру дәрісі қазіргі жастардың дұрыс жолмен жүруі үшін қажетті үш нәрсені ашып айтты. Олар:діни сауаттылық бойынша туындайтын сұрақтарды тек дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу, діни кітаптарды алған кезде олардың тексерілгені туралы ақпарат болуы.
Сондай-ақ, дәріс мақсаты – студент жастардың экстремизм мен терроризм туралы ой-өрісін кеңейту, өскелең ұрпақтың қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру, бір-біріне деген толерантты көзқарасты тәрбиелеу қабілеті және басқа адамдармен тату өмір сүру қабілеті, экстремизм мен терроризмнің кез келген көрінісі жауапкершілікке әкелетінін түсіндіру болды.
Дәріс барысында лектор студенттерге әлеуметтік желінің зияндары мен оны дұрыс қолдану жолдарын түсіндірді. Әлеуметтік желілерде діни ағымның құрсауына түсу қаупі туралы және экстремистік материалдарды таратқаны үшін сотталғандардың бейнероликтері көрсетілді.
Жалпы, дәрістен түйгеніміз:
- әлеуметтік желіге басы артық мағлұматтарды жариялау өзіңізден бөлек жақындарыңызға зиянын тигізеді. Неліктен? Себебі, қазіргі таңда алаяқтар өте көп.
сізге психологиялық соққы жасау үшін, сіз жайлы мәліметтерді көп уақыт бойы жинап, өміріңізге кері әсер етеді. Сондықтан, ғаламтор желісін тек пайдалы жағынан қолданыңыздар. - интернет желісінде ойын ретінде жалған ақпарат таратудан сақ болыңыз! Адамдардың тағдырымен ойнап қауіп төндіресіз, әрі осы ойын үшін үлкен көлемде айыппұл салынады.
Сонымен коса, лектор студенттерді Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарымен, антитеррористік жұмыстармен таныстырып өтті.