2021 жылдың 14 қазанында Ресей ІІМ Барнаул заң институтында “Ресей мен жақын шет елдерде қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру (Ресей ІІМ қылмыстық іс жүргізу кафедрасының құрылғанына 25 жыл толуына орай)”Халықаралық конференциясы өтті.
Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция бейнеконференцбайланысты пайдалану арқылы өткізілді.
Конференцияға Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және басқа да жақын шет елдердің процессуалист ғалымдары мен практикалық қызметкерлері қатысты.
Конференция жұмысына заң ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” академиясы кафедрасының профессоры Александр Леонидович Хан қатысты (видео – конференц-байланыс).
Программа-конференции_-14.10.2021