4 наурызда акт залында “Bolashaq” академиясының абзал жанды қызметкерлері мен оқытушыларына арналған мерекелік концерт өтті.
“Bolashaq” академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Исмаилова Райхан Налжигитовна және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Закирович және заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Мерекелік нөмірлермен заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов А.Т., Әбілжанов Әділет, Зоир Бобокулов, Отынчиева Гүлім, Оңдасынова Мадина, “Үкілім-ай” би тобы, Құттымұратов Ерасыл және ФМ-20-2 тобы сөз сөйлеп, сүйкімді ханымдарға ұмытылмас әсер сыйлады.