Гуманистік педагогика орталығының жаңалықтары

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Қарағанды “Bolashaq” академиясының Гуманитарлық педагогика орталығы Ресей халықтар достығы университетімен (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) бірлесіп “XXI ғасырдағы көпмәдени білім берудің өзекті мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Ғылыми-әдістемелік семинар онлайн форматта төмендегідей мақсатта өткізілді:

  • орыс тілін оқытудың заманауи әдістемелерінің трансферін іске асыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіру;
  • ХХІ ғасырдағы көпмәдениетті білім беруде орыс тілін оқытудың өзекті мәселелерін іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру;

Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор т.ғ.к., доцент Уразбаев Х.К., Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту, Жалпы білім беру пәндері кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

РХДУ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Куриленко Виктория Борисовна және “Bolashaq” академиясының гуманитарлық педагогика орталығының директоры, п.ғ.к., доцент Бокижанова Ғалия Қасқарбекқызының құттықтау сөзінен кейін п.ғ.к., доцент Гостева Ю. Н., п.ғ.к., доцент Арзуманова Р.А., п.ғ.к., доцент Давыдова Е.В. (Мәскеу қ., Ресей халықтар достығы университеті) баяндама жасады., п. ғ. к., профессор Диканбаева С.А., п. ғ. к., доцент Кульпеисова Т. С., п. ғ. к., доцент Бокижанова Г.К. және п.ғ к., доцент Самохина А. Ю. (Қарағанды қ., “Bolashaq”академиясы) баяндамалары тыңдауға ұсынылды.

Аталған баяндамалар семинарға қатысушылардың, атап айтқанда Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының (Гродно қ., Беларусь Республикасы) ғылыми қызығушылығын тудырды.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының прогрессивті білім беру практикаларының алмасу алаңы бола отырып, шығармашылық жағдайда, сондай-ақ елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.