2021 жылдың 5 ақпанында “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері” тақырыбында отырысы өтті.
Үйірме отырысын заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т.Қабжанов және аға оқытушы Н. С. Жұмжұмаев өткізді.

Үйірме отырысында профессор Кабжанов А.Т., студенттер Сейлов С., Мухангалиева А., Мустафина Д., Сәкен Э., Алтай Н. баяндама жасады.
Үйірме отырысына қатысушылар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану мәселелерін қарастырды, “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңы жобасының пікірталас мәселелерін талқылады.

Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті, “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ғылыми талдау нәтижелері бойынша дайындалған профессор А.Т.Қабжановтың баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.