2019 жылы 22 қарашада «Bolashaq» Академиясының «Педагогика және психология» кафедрасы мен «Гуманды педагогика орталығы» бірлесе отырып ҚарМТУ «Кәсіби білім беру және педагогика» кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Исмакова Б.С. «Этнопедагогика және қазақтың мәдениеті» туралы ақпарат берді. Г.О. Тажигулова Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Кәсіби оқыту және транспорт» кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы, профессор «Білім беру саласын цифрландыру» тақырыбында сөз сөйледі.
Б.С. Исмакова: «Құрметті студенттер сендер Рухани тұрғыдан баю керексіздер, ол үшін кітап оқу керек, әсіресе көркем, шығармашылық, ғылыми кітаптарды екі сөздің басын қосып айта алатындай дәрежеге жету қажет. Ертең оқуды аяқтап, депутат боласыңдар, сонда тек қана өз қалталарыңды ойламай рухани тұрғыдан биік тұлға ретінде өзіңді көрсете алу өте бір ғажап дүние деп ойлаймын.
Іс-сапармен Жапония мемлекетінде болдым, технологиямен жабдықталған класстарында робот бар екен. Бірақ студенттер онда барғылары келмейді екен. Себебі бізге тірі адам сабақ берсін деп айтады екен. Сендер болсаңдар бір-бір телефонды ұстап алып, желіден шықпайсыңдар. Маман болып өсу оңай шаруа емес, сондықтан жан-жақты өздеріңді дамытып жұмыс істеу керексіңдер».
Г.О. Тажигулова: «Жас кезімде мұғалім болатынымды ойламаппын. Әжемнің берген батасы еді «Мұғалім бол!» деген. Докторлық диссертацияны жазу барысында көптеген материалдар іздедім. Ақпараттық технологияның адамзатқа жақсы да жаман да әсері бар. Сондықтанда сендерге көптеген тәжірибе керек, оқу, жазу, ойлау қабілеттеріңді жоғарлату керексіңдер. Барлығы өздеріңе байланысты болады».
Шақырылған ғылым докторларымен «Bolashaq» Академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаевпен кездесу өткізіп, көптеген ғылыми сұрақтар талқыланды.
Іс-шараның соңында қонақтарға сыйлықтар берілді.