2023 жылғы 15 желтоқсанда Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Балқаш қаласы “Әлихан Мусин атындағы БГТК” колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Академия түлегі, ал қазір “Шет тілі: екі шет тілі” ББ-ның 2-ші оқу жылының магистранты Ермек Толғанай тұсаукесер түрінде колледж студенттеріне “Bolashaq”Академиясы туралы ақпарат берді.
Түлектерге Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы “Bolashaq” Академиясының алатын орны, оқыту нысандары, жоғары оқу орнының білім беру сапасының деңгейі, оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процестері мен жетістіктері, күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған ректорлық стипендиялар және олардың түрлері туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ Шет тілдері және МК кафедрасының аудиториясын техникалық жарақтандыру туралы ақпарат мәлімденді, жыл сайын академия қабырғасында өткізілетін түрлі сабақтан тыс іс-шаралар талқыланды.
Колледж студенттеріне өздерінің таланттарын жүзеге асыра алатын және көшбасшылық қабілеттерін дамыта алатын үйірмелер мен секциялардың түрлері, атап айтқанда: ауызекі ағылшын тілі клубы, когнитивтік лингвистика үйірмесі, “Калейдоскоп” зерттеу клубы, студенттер мен оқытушылар өз мақалаларын жариялайтын “Лимонад” атты жеке студенттік журналының болуы; сондай – ақ “Bolashaq-радиосы” жеке радиосы туралы айтылды.
Бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары туралы ақпарат және білім беру бағдарламасы шеңберінде кәсіптік практикадан өтудің жалпы ережелері ұсынылды. Кездесу барысында ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Студенттер академиялық ұтқырлық, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу мүмкіндіктері, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы ақпарат алды.
Сөз соңында студенттер Академияға үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға толық жауаптар берілді.