31 қазанда ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттері арасында «Алаш мұрасы: құқық жолындағы ізашарлар» тақырыбында аймақтық пәндік викторина өтті.
Викторина студенттер мен курсанттардың Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының тарихын терең зерттеуге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Регламент бойынша викторина төрт кезеңнен тұрды: бейнепрезентациялар конкурсы, Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мен билер сотына арналған сахналық қойылымдар конкурсы, «Өз ойыным» интеллектуалдық викторинасы, сондай-ақ «Алаш»партиясының қайраткерлеріне арналған конкурс.
Викторина қорытындысы бойынша біздің «Тураби» академиясының командасы екінші орынға ие болып, «Үздік бейнежазба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.


Команда құрамына «Әділет» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері: Ербтыр К., Кадрин Т., Тютюкова А., Дюсембекова В., Усербаева Ж. кірді.
Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы студенттерді кезекті жеңісімен құттықтайды және оларға жаңа жетістіктер тілейді!