Педагогикалық практика — болашақ маманның кәсіби дайындығындағы маңызды кезең болып табылады. Практика барысында студент өз мамандығына сәйкес жалпы білім беретін мектепте мұғалім рөлін атқарып, құнды тәжірибе жинақтайды. Практика студенттің кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына ықпал етеді, бұл үдеріс әдістемелік материалдар мен педагогикалық нұсқауларды белсенді пайдалану арқылы жүзеге асады.





21 сәуір күні “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 4курс студенттері «Мұрагер» ММЛИ-тында өткен педагогикалық практиканың есебін тапсырды.
Практика барысында алған тәжірибелерімен бөлісті.

Студенттер практикада қолданған әдіс-тәсілдерін,көрнекіліктерін көрсетіп,қорытынды есеп берді.
Педагогикалық практиканың қорытынды бағасы қойылып, өз мәресіне жетті.