2021 жылғы 30 қаңтарда әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ахметова Б.Т. “Руханият” ҒЗО-мен бірлесіп Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламалары студенттерінің қатысуымен online форматында өткен “Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі” диалог алаңын өткізді.
Талқылауға төмендегідей мәселелер көтерілді.:
– Семей полигоны: құжаттардағы тарих (сайт материалдары бойынша: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31441211#pos=3; -52)
– Қазақстан Республикасының ядролық қарусыз әлемге жолы
Қазақстанның тарихи тағдыры мен ядролық мәселе ұзақ уақыт бойы өзара тығыз байланысты болып келді. Тағдыр жазуында Қазақстанның жер қойнауында әлемдік уран қорының төрттен бір бөлігі бар болып шықты. 1949 жылы қазақ даласы алғаш рет атом қаруының алғашқы сынағынан дүр сілкінді (1949 жылғы 29 тамызда Семей қаласының маңындағы сынақ полигонында алғашқы атом жарылысы жүргізілді).
Семей полигоны мен оның ғылыми-зерттеу базасы Кеңес Одағында мақтанышпен “Отанның зымырандық-ядролық қалқаны” деп саналды, бірақ мұндай қауіпсіздік құны бірінші кезекте қазақстандықтар үшін тым ауыр болды.
1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық сынақ өндіріліп, онда кемінде 616 ядролық және термоядролық құрылғылар жарылды. 1963 жылға дейін Семей полигонында атмосферада сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті. Әскери қызметшілердің ядролық сынақтардың зиянсыздығы туралы сенімдеріне қарамастан, полигондағы әрбір үшінші жерасты сынағы жарылыстар нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газдардың ағып кетуімен қатар жүрді. Қазақстанға Кеңес Одағынан мұра ретінде алып арсенал – 1200-ден астам ядролық оқтұмсық алынды.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Қазақстанда қуатты антиядролық “Невада-Семей” қозғалысы өрістеді. Ядролық қарудың соңғы сынағы полигонда 1989 жылы өтті.
1991 жылғы 29 тамызда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жарлығымен әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жапты. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз, бұл күн 18 жылдан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында арнайы қарармен ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жарияланды.
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін бірінші жылы Қазақстан Беларусьпен және Украинамен қатар СНВ-1 шартына және Лиссабон хаттамасына қосылып, ядролық қарусыздануға жол ашты. 1992-1995 жылдар кезеңінде Қазақстан аумағынан Полигонның жер қойнауында химиялық тәсілмен барлық ядролық оқтұмсықтар шығарылды немесе жойылды. Осылайша әлемдегі төртінші ядролық арсенал жойылды.
“Сапфир”операциясы Қазақстанның ядролық саясатының қағидатты сипатының айқын дәлелі болып табылады. 1994 жылдың басында Қазақстан Үкіметі әлемдік қоғамдастықтан 600 кг-ға жуық Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауытында болған және 50-ге жуық атомдық ұрыс құрылғыларын жасауға болатын жоғары байытылған уранмен байланысты проблеманы шешуге көмек сұрады. Нәтижесінде Қазақстанның өтініші қанағаттандырылды және бұл жүк елден шығарылды.
Диалог алаңында барлық білім беру бағдарламаларының студенттері Қазақстанның сыртқы саясаттағы антиядролық ұстанымын іске асыру жолдарын талқылады. Ядролық қауіпсіздік идеяларын бүкіл әлемде ілгерілету үшін мемлекетіміз жүзеге асырып жатқан практикалық қадамдар туралы айтылды. Қатысушылар 2016 жылғы 31 наурызда Вашингтонда өткен 4-ші антиядролық саммитте ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жария еткен “Әлем. XXI ғасыр” манифесі мазмұнын қолдады. Бұл Манифест әлемдік катаклизмнің алдын алу үшін әлемдік қоғамдастық басшылыққа алуы тиіс басты қағидаттарды қамтитын бірегей саяси құжат болып табылады. Елбасының осы бастамасының негізгі мәні -XXI ғасырда жойқын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілік негізінде әлемге дамудың жаңа үрдісін беру. Манифест адамзаттың басты міндеті әлемді соғыс қаупінен арылту және оның себептерін жою болып табылатындығын айқындайды.
Құжатта атап өтілгендей, міндет іске асырылуы үшін Қазақстан әлемдік қоғамдастық іс-қимылының біртұтас алгоритмін бес негізгі бағыт бойынша әзірлеуге: ядролық қарудан толық азат әлемге дәйекті түрде ілгерілеуге; орнықты әлемнің географиясын қалыптастыруға; мәні бойынша кең халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктардың болуын тоқтатуға; халықаралық қарусыздану процесін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуге, халықаралық қаржы, сауда және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасын бекітуге шақырады. Диалог алаңына қатысушылар ядролық қаруға қарсы мәселелер болашақта да Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болып қала береді деген пікірге келді.
«Руханият» ҒЗО директоры Аупенова А.У.
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/manifest.pdf
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/МАНИФЕСТ-рус.docx
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/МАНИФЕСТ-каз.docx