Ағымдағы жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты Қарағанды облысының полиция департаменті қазақстандық полицияны жаңғырту бойынша эссе байқауын өткізді. Эссе байқауына жоғары оқу орындарының практикалық қызметкерлері, студенттері, магистранттары мен докторанттары, ғалымдар қатысты.
Эссе байқауының қорытындысы бойынша 2023 жылғы 17 қарашада “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Қазанаева Лилия Игоревнаны үздік эссесі үшін Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры С. А. Әділов алғыс хатпен марапаттады.