Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл

Ұлы ойшыл, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай К-20 тобында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.

 Сабақ барысында  студенттеріміз ақын өлеңдерінің идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысып, өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін тереңірек танытқан бірегей қаламгер еді.

Шәкәрім бабамыз: «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгі ұрпақ үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым… Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым» – деген екен.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.