19 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясы жиын залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты ауқымды түсіндірмелі – талдау кездесу өтті. Кездесуді ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова ашып, кездесу спикерлеріне сөз берді. Спикерлер: з.ғ.к., профессор – Кабжанов Акылбек Тайбулатович және э.ғ.м., ғылыми хатшы – Ахметова Ботагөз Телмановна.
Спикер А.Т.Кабжанов, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы негізгі тақырыптардың бірі – Қазақстанда сенімді индустриялық базаны жедел құруға қажеттілікті, экономиканы өркендетуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға байланысты жарыссөзге шықты. Жарыссөз барысында ел экономикасының дамуы, халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты маңызды ұсыныстар айтып, берілген нақты тапсырмаларды іске асыруда қандай жұмыстар атқарылуы қажет мәселелерге тоқталды . Биылғы Жолдауда ерекше назар аударылған мәселенің бірі – білім беру жүйесі. Жолдауда осы бойынша тың міндеттер мен жаңа талаптар қойылып отыр, ол үшін білімге құштар, сананың ашықтығына баса назар аудару маңызды екенін атап өтті. Келесі қозғалған тақырып оның ішінде – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беру қажеттігі туралы бастамаға жіті талдау жасады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – ең алдымен, еліміздің әл- ауқатын жақсартатын сала екенін, күнделікті жеп отырған тамағымыз бен тұтынатын тауарымыз, халқымыздың саламат-саулығы, өмір сапасы, жалпы ұлтымыздың қауіпсіздігі тақырыбында анализдер жасап, егер қолда бар осы әлеуетімізді дұрыс және ұтымды пайдалансақ, біз бұл саланың жаңа қырларын ашуға болатынын, ол үшін елімізде қажетті барлық ресурс жеткілікті, тек көзін таба білу басты мақсат болмақ. Аталған мәселелер бойынша студенттер сұрақ қойып, оларға ұтымды жауап алды. Жастар өздерін мазалайтын мәселелерге де тоқтала кетті. Спикер сөз соңында қоғамның санасы мен азаматтардың ұмтылысын өзгерту қажеттілігіне, «Адал азамат» ұғымының терең мағынасына тоқталды.
Спикер Б.Т. Ахметова, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүргізудің қажеттілігіне баса назар аударғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы негізінде экономиканы өркендету, өңдеуші секторды жедел дамыту, елдің сауда саясатына жаңа тәсілдерді енгізу, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі серпіліс, қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға экспорттау географиясын кеңейту,қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту, қазақстандық инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, елді газдандыру, жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, жасыл экономиканы дамыту, трансшекаралық суды пайдалану мәселелерін шешу, суды үнемдейтін технологияларды енгізу және т.б. мәселелерге барынша терең тоқталып, нақты нәтижеге жету жолдарын талдады.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз екенін атап өткендігін, қоғамның санасы мен азаматтардың ұмтылысын өзгерту үшін Абайдың «Кемел адам» туралы ілімінің маңыздылығы мен «Адал азамат» ұғымының терең мағынасына үңіліп, өмірлік ұстаным етсек игі, деген ойын айтып өтті.