🔹 Академиялық ұтқырлық туралы екі жақты шартқа сәйкес Esil University (Астана қ.) Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Асқар Қадырұлы Қалиев және аға оқытушы, магистр Қайрат Болемесұлы Әбдіқалықов 27 – наурыз бен 21- сәуір аралығында «Bolashaq» Академиясының «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне онлайн-дәрістер өткізді.


🖥 Сабақтар Zoom платформасында «ҚР Қылмыстық құқығы» және «ҚР Азаматтық құқығы (ерекше бөлім)» пәндері бойынша өтті.

🎓 Бұл іс-шара студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге ықпал етті және тәжірибелі мамандардан құнды ақпарат алуға мүмкіндік берді.