«Bolashag» Академиясының «Құқық және қаржы» кафедрасының жұмыс жоспарының негізгі бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық.
2025 жылдың 31 наурыз – 11 сәуір аралығында «Bolashag» Академиясының «Құқық және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., Алтайбаева Гулнұр Муратовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Астана қаласы «Esil University» жоғары оқу орнының «6 B04202- Бизнес и право» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «ҚР мемлекеттік қызмет» пәні бойынша онлайн-дәрістер өткізді.



Сонымен қатар, «Құқық және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., Жумжумаев Нуртай Суршаевич аталған оқу орнының «6В04203 Правовое обеспечение экономической безопасности» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Основы нотариально и адвокатской деятельности» пәнінен онлайн-дәрістер жүргізді.


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі жоғары оқу орнының ынтымақтастық туралы келісім шарты негізінде оқытушылар мен студенттерге тәжірибе мен білім алмасуға үлкен мүмкіндік береді.