Бүгінгі таңда пандемиядан туындаған өмір салтымыздағы өзгерістер туралы көп жазады. Мен өз тәжірибеммен бөліскім келеді және өз біліктілігімді арттыру мүмкіндігіне тоқталғым келеді және lifelong learning, үздіксіз білім туралы сөйлескім келеді.
Біз көптеген білім беру платформаларына қол жеткіздік, бір уақытта әртүрлі елдердің әртүрлі университеттерінде біліктілікті арттырудан өте аламыз. Өз тәжірибемді және кафедра бойынша әріптестерімнің тәжірибесін нақты сипаттап бергім келеді.
Өткен жылы мен Coursera платформасында 5 курстан, Clarivate Web of Science платформасында 2 курстан, профессор Gareth Dyke және ҚР БҒМ Зоология институтымен вебинар және Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында бірнеше курстардан өттім. Gareth Dyke вебинары 15.01.2021 жылы басталып, 17.02.2021 жылы аяқталды. Біз аптасына бір рет кездестік.
Вебинарларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдар қатысты, олардың ішінде біздің академияның магистранты Р.Оспанова және дипломдық жұмыстарын жазатын ҚОБ студенттері болды. ҚР БҒМ, РОӘК біздің білім беру бағдарламамыз бойынша және Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті ұйымдастырған “ҚОТ жағдайында көптілді білім беруді ұйымдастыру мәселелері” тақырыбындағы көлемі 72 сағаттық соңғы біліктілікті арттыруға ерекше тоқталғым келеді.
Вебинарлар 18.09.2020 жылдан 15.04.2021 жылға дейін өтті. Оған шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 12 оқытушысы қатысып, сертификаттарын алды.
Пандемия біздің өмірімізге түзетулер енгізді және біз саналы адамдар ретінде уақытымыздың күрделі мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін іздейміз. Көп нәрсе бізге, жаңа нәрселерді білуге, үйренуге және өз тәжірибемізді жаңадан білім беруді бастаған әріптестерімізге беруге деген ниетімізге байланысты. Барлығыңызға оқып, оқып, үйренуді тілеймін!
Шет тілдері және МК кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Ибраева Б. М.