5 қарашада ЖІК-нің Студенттік өзін-өзі басқару органы белсенділері «Qaragandy Stud Fest» студенттік фестивалінің «Театр қойылымы» номинациясына қатысты.

Студенттер Екатерина Шитова мен Владлен Терещенко көрермендерге Даниил Хармстың «Кім бар? » әңгімесінің интерпретациясын ұсынды. Қоюшы режиссерлері – Гартман Зинаида мен Ивашин Дмитрий.




Қойылым көрермендер мен қазылар алқасының назарын аударып, қатысушылардың әдеби материалға деген таланты мен өзіндік көзқарасын көрсетті.