Қымбатты отандастар!
Біздің еліміз бүгінде күрделі кезеңдерді бастан өткізуде.
Бүкіл елімізбен бірге біз әскери және құқық қорғау органдарының лаңкестердің қолынан қаза тапқаны үшін қайғырамыз. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен біздің өңіріміздің тұрғындарына қажетті ақпараттық және консультациялық көмек көрсету үшін қоғамдық штаб құрылды.
Штабта өтініштер, шағымдар, ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданады, оларды талдау қорытындылары бойынша жергілікті және республикалық деңгейлерде шешімдер қабылданатын болады.
Қарағанды облысының барлық тұрғындарына төмендегідей үндеу жолдаймыз :
– сабырлық сақтау;
– төтенше жағдай аясында билік өкілдерінің талаптарын орындау;
– эпидемияға қарсы сипаттағы шарттарды сақтау;
– әлеуметтік желілер мен чаттардағы кез келген арандатушылық, деструктивті хабарламаларды елемеу;
– кез келген күдікті тұлғалар туралы Ішкі істер органдарына дереу хабарлау;
Бүгінде біздің алдымызда тұрған проблемалар мен міндеттерді сөзбен емес, іс жүзінде топтастырып, біртұтас болып, бейбіт және сындарлы түрде шешу, популистік сөз сөйлеулер, митингілер ұйымдастыру әрекеттеріне бірге қарсы тұру өте маңызды.
Барлық сұрақтар бойынша және кеңес алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 31, 201, 204 кеңсе 10.00-ден 19.00-ге дейін және телефон арқылы: (+77212) 400861, 400862
*77013946168
*77013411890
*77013804748
*77053050381
Есте болсын! «Күшіміз – Бірлікте!»