6В04201 – “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының өндірістік практикасы

Мен, Жарылқасын Айсенем, Қарағанды қаласындағы “Bolashaq” академиясының “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының 4 курс студентімін. Академиялық күнтізбе бойынша 30.01.2023 ж. – 08.04.2023 ж. аралығына бағдарланған өндірістік практикадан өту үшін Ұлытау облысының Прокуратурасы ММ-ге келдім.

Тәжірибенің алғашқы күндерінде мен прокуратураның құрылымымен, негізгі принциптерімен және функцияларымен таныстым. Прокуратура жұмысының қызметін зерделедім. Сондай-ақ, практиканың бірінші күні мен прокуратура қызметкерлерімен таныстым. Прокуратураның осы бөлімінде: мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары, бір аға прокурор, тергеу істері жөніндегі екі прокурор, хатшы, 1-разрядты маман және кеңсенің екі қызметкері жұмыс істейді.

Мен аға прокурор Ж.К. Бақашбаев пен прокурор А. Ахметованың қарамағына тіркелдім, олар маған кәсіби этика, қылмыстық сот ісін жүргізудегі прокурордың рөлі туралы айтып, іс жүргізудің дұрыстығына және прокурорлық қадағалау актілерін жазуға үйретеді. Сондай-ақ, өндірістік практика аяқталғанға дейін күнделікті орындайтын жұмыстардың тізімін алдым. Өндірістік практикадан өту барысында мен прокуратураның ұйымдастыру жұмысының құрылымымен және негізгі қағидаттарымен таныстым; іс жүргізу және есеп беру негіздерін зерделедім; прокуратураның қызметін реттейтін заңнамалық актілерді зерделедім; сот отырыстарына тыңдаушы ретінде қатыстым; келіп түскен қылмыстық істермен таныстым.

Өндірістік практика барысында мен академиялық жазу, прокурорлық қадағалау актілерін жасау және назарға алу дағдыларын дамытамын. Мен өз мамандығым бойынша тәжірибе жинаймын және академия қабырғасында теориялық оқыту процесінде алған білімімді бекітемін.

Академиядағы оқытушыларымыз Г.С. Оспанова, А. А. Жукобаев, М. Ж. Кужукпаев, А. Ж. Әбдіжами жүргізген прокурорлық қадағалау, сот сараптамасы, сот дәлелдеу теориясы, криминалистика пәндері бойынша алған теориялық білімімнің арқасында өндірістік практикадан табысты өтемін деп сенемін.

Менің тәжірибем жалғасуда, маған өз мамандығым, жұмысым, бәрі ұнайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибеден өту туралы толық есеп беремін.

Жарылқасын Айсенем, Ю-19-2 тобының студенті

“Bolashaq”Академиясы,

Қарағанды қ.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.