Менің студенттік шағым Қарағанды «Болашақ» университетінде 2011-2015 оқу жылдарында өтті. Қазіргі Қарағанды «Bolashaq» академиясы. Мен үшін «Bolashaq» академиясы өте ыстық, екінші үйім секілді. Себебі жеке тұлға, үлкен маман иесі атануыма бірден бір себепкер болды.
«Bolashaq» академиясына «Эрудит-2011» олимпиадасына қатысып, бір жылдық тегін оқуды жеңіп алып, түстім. Қазіргі таңда Жезқазған қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде педагог-психолог маманы болып жұмыс істеймін. Жеткен жетістіктерім көп, соның бірі «Үздік жыл психологі – 2017» республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен, «Үздік жас маман -2018» республикалық сайыста ІІІ орын және төс белгісімен марапатталдым. Бұл бес жылдық жұмысымда жеткен жетістіктерімнің тек бір бөлшегі ғана, әлі талай биік шыңдарды бағындыратыныма сенемін. Әрине бұл жеткен жетістіктеріме ы «Bolashaq» академиясының қосқан үлесі зор деп айта аламын.
Бірінші күннен бастап өз студенттерін баласындай тәрбиелеп, қамқорлық танытатын, жан-жақтылыққа жетелейтін «Bolashaq» академиясы саған мың алғыс! ПиП-11-2 және ПиП-11-3 тобының студенттері атынан Гуманитарлық факультетінің деканы болған Туркенов Т.К., педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Балабекова Л.Г., Сарбасова Қ.А., Есмагулова А.А., Махмутова Г.С., Диянова Р.Т., Акпарова Ж.М., Искакова Д.М., Нүркенова Г.Қ., Шутенова С.С., Коржумбаева М.Б., Бакарамова С.А. ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, отбастарыңызға амандық тілейміз.
«Bolashaq» академиясы 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Білімді де алғыр студенттерін көп болсын, білікті ұстаздарымыз аман болсын, әрқашан биік шыңдардан көрініп, ең мықты ЖОО болуына тілектеспіз.
Игі тілекпен ПиП-15-2 тобының түлегі Оразалина (Абылгазина) Гүлім