100 жаңа кітап: әдебиеттің жаңа түсімі

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

“Bolashaq” академиясының кітапханасы сіздерге “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша басып шығарылған жаңа оқулықтар басылымдарының атауын ұсынады.

Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады.


74.200
Г75
Григг Расселл Бастауыш мектеп мұғалімі: шеберлікті шыңдау. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.-600 бет.
ISBN 978-601-7621-17-9

Бұл бестселлер нұсқаулық Англияның оқу бағдарламасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде 2014 жылғы Мемлекеттік білім бағдарламасын және Шотландияның Мемлекеттік білім бағдарламасы жобасын жан-жақты талдай отырып жазылған. Автор гуманитарлық ғылымдар докторы Рассел Григг теорияға, зерттеулерге және нақты сынып тәжірибесінің мысалдарына (кейс-стади) сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау үшін не қажет екенін жан-жақты талқылайды. Кітап педагогика саласының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ ізденіс үстіндегі тәжірибелі мұғалімдерге арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный.pdf

87.21
Р 16
Рассел Бертран Р16 Батыс философиясының тарихы – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020. – 896 бет.
ISBN 978-601-7621-18-6

Бертран Рассел – XX ғасырдағы аса көрнекті ойшылдардың бірі, философ, математик, тарихшы және Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Оның Еуропа ой-дүниесінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуын зерделеген «Батыс философиясының тарихы» атты кітабы – әлемнің көптеген тілдеріне аударылған танымал еңбек. Үш кітаптан тұратын зерттеу антика дәуіріндегі рационалды ойдың қалыптасуынан бастап, Сократ, Платон, Аристотельден, Аугустин, Руссо, Кант, Шопенгауэр, Ницше, Маркс, Дьюиге дейінгі философтардың доктриналарына терең талдаулар жасайды. Автор бұл еңбегінде әр ойшылды өскен ортасымен сабақтастыра қарастырып, философияға тән ұғымдар, ілімдер, көзқарастармен қатар, рухани ізденістерге ықпал еткен тарихи үдерістерді де тартымды баяндайды. Еркін пікірталас дискурсы тұрғысынан жазылған кітап гуманитарлық білім саласын зерттеуші мамандарға, философтар мен мәдениеттанушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-1.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-1.pdf

60.5
К 55
Коннолли Мэри, Хармс Луиза, Мэйдмент Джейн  
Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2020. – 384 бет.

Әлеуметтік жұмыстың контексі мен теорияларын жан-жақты талдап, таразылайтын оқулық «Әлеуметтік жүмыс: контексі мен практикасы» (Social Work: Contexts and Practice) деп аталады. Бұл еңбек Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыстың практика теориялары, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс түрлері, әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін заңдар және олардың қолданылу ерекшелігі, әлеуметтік жұмысқа бағытталған саясат, әлеуметтік қызмет көрсетуде басшылыққа алынатын философиялық-рухани қағидалар туралы баяндайды. Байырғы халықтардың мәдениеті мен өмір сапасының басты қағидаларын басшылыққа алатын әлеуметтік жұмыс практикасы құндылыққа ие екенін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәдени аспектілері, билікпен байланыс, отаршылдық тарихы, Австралия мен Аотеароа – Жаңа Зеландияның байырғы халқына қатысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыс туралы талдау – бұл кітаптың артықшылығы деуге болады. Осы және алдыңғы басылымда кітап авторлары Мэри Коннолли, Луиза Хармс пен Джейн Мэйдмент көтерген Транс-Тасмания болашағы туралы мәселелер оқырман үшін ерекше қызық болатынына сенімдіміз. Кітап әлеуметтік қызметкерлерге, осы сала студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа қатысы бар барлық сала мамандарына арналады.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-2.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-1.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-2.pdf


60.5
C 38
Синглтон Ройс А., Стрэйтс Брюс С.
Әлеуметтік зерттеу әдістері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020.- 816 бет.
ISBN 978-601-762l-3l-5

Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабы – әлеуметтік зерт- теудің ғылыми және логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тәсілдер мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеудің төрт тәсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалык зерттеулер және қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерттеу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика саласында білімін арттырғысы келетін барша оқырман қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-3.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-3.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-2.pdf

87.3
К28

Касулис Томас П.
Жапон философиясының қысқаша тарихы Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 804 бет.
ISBN 978-601-7621-19-3

Америкалық танымал ғалым Томас П. Касулистің бұл еңбегінде жапон философиясының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы хронологиялық ретпен баяндалған. Автор жапон философтарын, олардың еңбектері мен теорияларын әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктеріне және түсініктері мен ұғымдарына сипаттама бере отырып таныстырады. Кітапта жапон философиясына халықаралык қарым-қатынастың, тарихи оқиғалардың, елдегі ертеден-ақ негізі қалашан мектептер мен академиялардың, дін мен саясаттың тигізген ықпалы ғылыми тұрғыдан зерделемін, дәйекті тұжы- рымдар жасалды. Сондай-ақ автор Күншығыс елі философиясы мен Батыс әлемі философиясының өзара сабақтастығы жайындағы пікірталастарды талдап, саралайды. Оқулық жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және философия тарихына қызығушы көпшілік қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-4.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-3.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-4.pdf

87.3
Ә 45
Эл-Руайхеб Халид, Шмидтке Сабина
«Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы» – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық
қоры, 2020. – 828 бет.
ISBN 978-601-7621-20-9

Халид әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» IX-XX ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдерінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн
Рүтпд сиякты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен
қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмуд. Мухаммед
Икбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және
баска да фәлсафа өкілдерінін метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Айта кетерлігі – әp тарауда авторлар түпнұсқа мәтіндерді негізге алған. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және ислам философиясына қызығатын барша оқырман қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-5.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-5.pdf

87.21
M 15
МакГиннис Джон мен Райсман Дэвид С.
Классикалық араб философиясы: антология – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 476 бет.
ISBN 978-601-7621-16-2

Бұл кітап ортағасырлық шығыс философиясының әлем, болмыс, құдай, ақыл, жауһар (субстанция), араз (акциденция) сияқты және басқа да тақырыптар төңірегінде өрбиді. Жинаққа әл-Фараби, әл-Кинди, Ибн Сина, әр-Рази, әл-Ғазали т.б. ғұламалардың еңбектері іріктеліп алынған. Қолыңыздағы басылым аясында бұл еңбектер қазақ тіліне тұңғыш рет аударылды. Оқулық философия, дінтану мамандығын таңдаған студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерге және философияға қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-6.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-4.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-6.pdf

88.1
Н 82
Нортхаус Питер
Көшбасшылық: теория және практика – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 560 бет.
ISBN 978-601-7621-21-6

Он үш тілге аударылып, тоқсанға тарта елге таралған «Көшбасшылық: теория және практика» оқулығы көшбасшылық теорияларын кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды нақты ситуацияларда қалай қолдануға болатынын зерделейді. Автор әp тарауда ұтымды  құрылымдау арқылы оқырманның түрлі теорияларды оңай салыстырып, меңгеруіне жол ашады. Тың кейс-стадилер мен сауалнамалар көшбасшылық әдістері жайында түсінік қалыптастырып, жеке басшылық стилін анықтауға көмектеседі. Бұл кітап әлеуметтік ғылымдар мен бизнес, басқару бағытында білім алып жатқан студенттерге ғана емес, жалпы оқырманға пайдалы іскерлік әдебиет санатында.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-7.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-5.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-7.pdf


87.3
Ю 40
Юлән Фың
Қытай философиясының қысқаша тарихы – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 368 бет.
ISBN 978-601-7621-14-8

Аталмыш еңбек XX ғасырдағы Қытайдың көрнекті ғалымдарының бірі Фың Юлэннің қаламынан туған. Кітапта екі мыңжылдық дәстүр және модерн дәуіріне дейінгі Қытай фи- лософиясы жүйелі түрде әрі ұғынықты тілде топтастырылған. Еңбекте оқырманға таныс Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы, Мэн-цзыдан өзге де қытай философтары және философиялық мектептер туралы сөз болады. Сондай-ақ Қытай философиясы мен Батыс философиясы ара- сындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер де назардан тыс қалмаған. Кітап, ең алдымен, бакалавриатта оқитын студенттерге арналған. Оған қоса, философия ілімін танып-білуге талпынған көпшілік қауымға да өте пайдалы.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-8.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-6.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-8.pdf

65.26
Р64
Розен Ш. Харви, Гейер Тед
Мемлекеттік қаржы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 600 бет.
ISBN 978-601-7621-23-0

Мемлекеттік қаржы саласын зерттеуге зор үлес қосып, кең танылған қос автор – Харви Ш. Розен мен Тед Гейер бұл еңбегінде «Үкімет ақшаны қалай жұмсайды, кірісті қалай арттырады? Экономикалық саясат жүргізуге кім құқылы?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз пайымдарын түрлі дәлелдермен негіздейді. Оқулықта үкіметтің экономикаға әсер ету ауқымы мен құқықтық негіздері, қоғамдық шешім қабылдау процесі, білім беру саясаты, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, кедейлікпен күресу бағдарламалары, салық салу және оның тиімділігі, әділ салық негіздері, ірі түсім көздері сияқты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Бұл еңбек экономика, әсіресе мемлекеттік қаржы тақырыбын зерттейтін мамандарға, студенттерге, сондай-ақ қаржылық сауатын арттырғысы келетін көпшілік қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-9.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-7.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-9.pdf

66.3(0)
А57
Андерсон Джеймс Э.
Мемлекеттік саясат – Алматы. «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2020.- 448 бет.
ISBN 978-601-7621-13-1

Мемлекеттік саясаттың негіздеріне арналған бұл еңбек саясат қалыптастыру және заң дайындау процесіне ден қояды. Кітапта мәселені анықтауға, күн тәртібін белгілеу мен мемлекеттік саясатты қалыптастыруға түрлі факторлардың қалай әсер ететіні сараланады. Әр тарауда негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ, мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы Обама әкімшілігі мен Буш әкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-10.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-8.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-10.pdf

65.242
Ф38
Феллс Рэй
Нәтижелі келіссөз: алғышарттар мен амалдар Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020. – 360 бет.
ISBN 978-601-7621-09-4

Келіссөз теориясы мен тәжірибесіне тың көзқарас ұсынатын бұл кітап келіссөздің негізгі элементтері – өзара түсіністік, сенім, үстемдік ету және этиканы жан-жақты талдайды. Сонымен қатар келіссөздегі ақпарат алмасу, шешім іздеу және шегінудің әдіс-тәсілдерін сипаттайды. Медиация процесі, мүдделі топтың ағынан келіссөз жүргізу, мәдениетаралық келіссөздер, жұмыс орны мен бизнестегі келіссөздер де кеңінен қамтылған. Сондай-ак келіссөзшілердің жеке дағдыларын жетілдіруі мен келіссөзді тиімді баскару тетіктеріне баса назар аударылды. Бұл кітап – бизнес, құқык, адам ресурстары менеджменті, еңбек қатынастары салаларының студенттері мен кәсіби мамандарына арналған маңызды оқу құралы.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-11.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-9.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-11.pdf


87.3
Э 45
Элдридж Ричард
Өнер философиясы. Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 304 бет.
ISBN 978-601-7621-12-4

«Өнер философиясы. Кіріспе» – өнер табиғаты мен құндылығының философиялық теориялары- ның анық та ықшам шолуы. Ол өнерді, кескіндемені, мүсін өнерін, музыканы, биді, сәулет өнерін, киноны, концептуал өнерді және перформансты қамтиды. Бұл екінші басылымға бейнелеу өнері, музыка, концептуал өнер, Гегель және өнер мен қоғам такырыптары бойынша айтарлықтай жаңа зерт теулер қосылған. Классикалық және заманауи философияға, әдебиет теориясына және өнер сыңына сүйене отырып, Ричард Элдирдж өнердің қолданбалы, шартты және экспрессивті қырларын зерттейді.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-12.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-12.pdf


74.2
П 47

Поллард Эндрю
Рефлективті оқыту негіздері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, – 2020. – 728 бет.
ISBN 978-601-7621-11-7

Бұл кітапта мұғалімдердің кәсіби білігін көтеру, соның ішінде мектепте практикалық даярлықтан өту және үздіксіз кәсіби даму әдістері баяндалады. Мұғалімнің сабақ беруі, оқушылармен қарым-қатынасы және олардың іс-әрекеті мен мінез-құлкын зерттеуі, сондай-ақ оқу барысын бағалау процестері жөніндегі жан-жақты нұсқаулық. Рефлективті оқыту әдістері бастауыш мектеп пен негізгі мектепке мұғалімдер даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл басылымдағы қосымша материал ретінде берілген нұсқаулықтар мен веб-сайттарда тәжірибелі мұғалімдердің көп жылғы тәжірибесі ескерілген. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы бағыттағы зерттеушілер мен сала мамандарына арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-13.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-13.pdf

66.0
Х35
Хейвуд Эндрю Саясаттану. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 520 бет.
ISBN 978-601-7621-24-7

Саяси ғылымға кіріспе бойынша үздік оқулық саналатын Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» «саясат» ұғымы мен құбылысы туралы түсінік және саясаттану жөніндегі қарама-қайшы көзқарастарға сипаттама береді. Автор саяси идеяларды негізгі идеологиялар тұрғысынан қарастыра отырып, мемлекеттің саясаттағы рөліне, легитимдіктің маңызына, мемлекеттің басқару жүйелеріне, ұлтшылдықтың негізгі теорияларына тоқталады. Саясаттағы өзара байланыс – саясат пен экономика, мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынаска; сондай-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен процестеріне, ішкі және халықаралық саясаттың түйісуі және жаһандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. XXI ғасырдағы әлемдік саяси тәртіптің өзгеруі, жаһандық басқару және оның тиімділігі, дәстүрлі саясаттың кемшіліктері баяндалады. Бүгінгі саясат пен саясаттануға кіріспе ретінде жан-жақты мағлұмат беретін оқулықтың осы бесінші басылымы саясаттану бөлімінде оқитын студенттерге, сондай-ақ осы пәнге қызығушылық танытушы оқырманға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-10.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-14.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-14.pdf

65.290-2
Р60

Розенбаум-Эллиотт Ричард, Перван Саймон, Перси Ларри
Стратегиялық бренд-менеджмент. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2020. – 368 бет.
ISBN 978-601-7621-10-0

Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны қалыптастыру көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. «Стратегиялық бренд-менеджмент» кітабы бренд туралы негізгі түсінік- термен қатар бренд капиталының мәні мен мазмұның, оның функциялық, эмоциялық қырларын та- ныстырады және бренд капиталын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынады. Авторлар компанияның ұзак мерзімді табыстылығын арттыру жолындағы брендті басқару стратегиясының тиімді тұжырымдамалары мен кағидаларын ортаға салады. Танымал компаниялардың тәжірибесі- нен алынған мысалдарды нақты кейстерге сүйене отырып түсіндіреді. Қазақ тіліне 4-басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алу- шы студенттерге, ірі, орта және шағын бизнес менеджерлері мен маркетологтарына, ұйым басшы- ларына, сондай-ақ осы салаға қызығатын көпшілік кауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-15.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-15.pdf


63.3 (5қаз)
Д 42
Джорданова Людмила
Тарихи білім: пәні және зерттеу әдістері. Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020. – 376 бет.
ISBN 978-601-7621-22-3

Кітапта тарихи білімнің қалыптасу, қолданылу және өзгеру процестері сипатталады. Тарих пәнінің әдістері, тарихи зерттеуді тиімді жүргізу тәсілдері, тарихи тәжірибенің қазіргі жетістіктері мен әлі де зерделеуді қажет ететін тақырыптары талданады. Еңбек оқырманға тарих пәнінің негізгі мәселелері туралы түсінік беру, оларды ауқымды контексте қарастыру және тарихшылардың қандай жұмыс атқаратынын анықтау сияқты негізгі үш мақсатты көздейді. Сонымен бірге әлеуметтік ғылымдардағы тарихтың рөлі, қоғамдық тарих пен оның түрлері, тарихи білім саласын түбегейлі өзгертетін цифрлық технологиялар мен ресурстарды пайдалану, цифрлық тарихтың тәсілдері, олардың маңызы және тарихшыларға қажетті машықтар кеңінен қарастырылады. Оқулық жоғары оқу орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын оқырман қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-16.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-16.pdf

БЖ 65.050
Б 28
Баттл Фрэнсис, Маклан Стэн
Тұтынушымен қарым-қатынас менеджменте ұгымдар мен технологиялар. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020.- 444 бет.
ISBN 978-601-7621-25-4

Бұл еңбек тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті саласын, оған қатысты теориялар мен тұжырымдарды жүйелейді. Кітап тұтынушыларға құндылық жеткізу үшін олармен қарым-қатынас орнатуды негізгі бизнес-стратегия ретінде қарастырып, тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті (CRM) ұғымы, оның артықшылықтары, қолданылатын жағдайлары, технологиялары меп стратегияларын түсіндіреді. Сонымен бірге тұтынушыға қол жеткізу, оны ұстап қалу және өзара қарым-қатынасты дамыту кезеңдері жан-жақты қамтылып, тұтынушыға қатысты деректер жинау, оны қолдану және бұл процестерде маркетинг, сату, ақпараттық технологиялар, HR-менеджмент, қызмет көрсету, бухгалтерлік есеп және стратегиялық менеджмент салалары қалай байланысатының көрсетеді. 15 тараудан тұратын еңбек әр тақырыпқа қатысты кейстер, нақты мысалдармен толықтырылған. Оқулык экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпка қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-17.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-11.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-17.pdf

87.3
Б 61
Билимориа Пурушоттама Үнді философиясының тарихы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020.- 720 бет.
ISBN 978-601-7621-26-1

Routledge баспасының әйгілі «Әлемдік философия» сериясы аясында жарық көрген «Үнді фи- лософиясының тарихы» – кейінгі үш мың жыл ішінде үнді ой мектептерінің қалыптасуына елеулі үлес қоскан түрлі ағымдар мен ғұлама ойшылдар жөнінде жан-жақты мәлімет беретін халықаралық зерттеу жинағы. Жинақты әзірлеуге осы саланың ең беделді ғалымдары қатысқан. Барлығы 58 тараудан тұратын бұл кітапқа енген мақалалар «Таным, контекст, ұғымдар», «Философиялық дәстүрлер», «Өзара ықпалдастық: модерн және постмодерн» деген үш ауқымды тақырып аясында топтас- тырылған. Осыған дейін қазақ тілінде кешенді түрде үнді философиясын талдаған еңбек болған емес. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға және философия пәніне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-18.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-12.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-18.pdf

63.5
С 50
Смит Энтони Д.
Ұлттың этностық тамыры. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2020. – 388 бет.
ISBN 978-601-7621-30-8

Ұлттың этностық тамыры» – халықтар мен этностар тақырыбында жазылған халықаралық деңгейдегі зерттеулердің іргетасына айналған ғылыми еңбек. Кітапта халықтардың шығу тегі мен ыдырауы, аман қалуы мен қазіргі заман көшіне ілесуінің түпкі себептері жан-жақты зерттелген. Халықтардың энтос ретінде бекуінің негізгі үш өзегі – халықты ұйыстыратын діні, тілі және атамекенінің ықпалын егжей-тегжейлі зерттей келе, тарихтан ойып орын алған немесе аты мәңгіге өшкен халықтардан мысал келтіреді. Небір сын сағатты бастан өткерген этностар генеалогиясына үңіле отырып, этни, этнос, ұлт үғымына жеке-жеке тоқталады. Энтони Д. Смиттің бұл еңбегі жоғары оқу орындары студенттеріне, зерттеушілер мен жалпы оқырман қауымға арналады.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-13.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-19.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-19.pdf

60.7
П 61
Постон Дадли Л. кіші, Бувье Леон Ф.
Халық саны және қоғам. Демографияға кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 488 бет.
ISBN 978-601-7621-27-8

Бұл кітап демография ғылымының негізгі тұжырымдары мен мәселелерін қамти отырып, демография пәніне жан-жақты кіріспе оқулық ретінде кұрастырылған. Мұнда туу, өлім-жітім, көші-қон, нәсіл, халықтың жастық және жыныстық құрамы сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылады. АҚШ, Азия, Еуропа және Африканың түрлі елдерінен алынған мысалдар әлем халқының дамуы мен өзгеруін сипаттайды, олардың қоршаған ортаға һәм адамзат болашағына әсерін зерделейді. Демография пәні бойынша қазақ тіліне аударылып отырған тұңғыш оқулық әлеуметтанушы мамандар мен студенттерге ғана емес, аталмыш білім саласына қызығатын көпшілікке арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-20.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-14.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-20.pdf

65.050.2
Л 76
Лонгенекер Г. Жастин, Петти Ж. Уилиям, Палич Лесли Е., Хой Франк
Шағын бизнестегі менеджмент: кәсіп бастау және венчурді дамыту. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2020. – 704 бет.
ISBN 978-601-7621-28-5

Шағын бизнес – дүниежүзілік экономиканың басты тірегі. Әлемдегі қаражаттың көбі алпауыт компанияларда емес, үй жанындағы шағын дүкендерде, гүл сататын дүңгіршектерде, кішкентай кофеханалар мен тігін шеберханаларында айналып жатыр. Әр адам ұдайы көлігінің майын ауыстырып, оны жуғызады, сансыз рет жақындарына гүл сыйлайды, таңғы шайға тәтті тоқаш сатып алады, көйлегінің етегін қысқартып, үйін жөндетеді. Осының бәрін шағын бизнес субъектілері атқарады. Қолыңыздағы оқулык Америка Құрама Штатындағы шағын бизнеске қатысты заңнамаға сүйеніп жазылғанымен, бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлердің өмірі мен табысқа жету құпиясынан сыр шергеді. Бұл еңбек адам бойындағы кәсіпкерлік «өзекті» тани білуден бастап, кәсіпорынды құру, өсіру, дамыту, тіпті мұраға алдыру сынды кезеңдердің бәрін мысалдармен, кейстермен толықтыра отырып егжей-тегжейлі синаттайды. Оқулық экономика, менеджмент, кәсіпкерлік бағытында білім алып жатқан студенттерге және кәсіпкерлік табиғаты туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Титульный-21.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Алғы-сөз-15.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Мазмұны-21.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.