Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде2020 жылдың 9-10 сәуірінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Филологияның өзекті мәселелері;
- Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар;
- Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.);
- Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері;
- Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
- Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері;
- Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2020 жылдың 20 наурызына дейін conference_argu_2020@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.
1. Конференцияға қатысу туралы өтініш (формасы қоса беріледі);
2. Баяндаманың тезистері (мақала).
Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағында жарияланады. Мақала мазмұны автордың жауапкершілігінде. Мақалалар автормен толығымен тексерілуі керек. Жинақ электронды түрде ұсынылады.
Өтініште:
– бағыттың атауы (секция);
– баяндама тақырыптары;
– автор мен жетекші туралы толық ақпарат (толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, электрондық адресі және байланыс телефондары).
Конференция регламенті:
Сөз сөйлеу уақыты:
Пленарлық баяндамалар – 8-10 минут
Секциялық отырыстарда – 5-7 минут.