Лингводидактика және лингвистика мәселелері бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар арасында аймақтық ғылыми-практикалық жұмыстар конкурс

2020 жылдың 25 наурызында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті шетел тілдер факультетінің шет тілдер кафедрасы лингводидактика және лингвистика мәселелері бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар арасында аймақтық ғылыми-практикалық жұмыстар конкурсын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: лингвистиканың қазіргі мәселелері, аударматану, шет тілдерін оқыту әдістемесі саласында студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу нәтижелерін жинақтау

Конкурс міндеттері:

– үздік ғылыми жұмыстарды анықтау;

– студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау және дәріптеу.

Конкурстық комиссия жұмыстарды төмендегі бағыттар бойынша қабылдайды:

1. Қазіргі әлемдегі тілдер: қоғам-тіл-мәдениет

2. Лингводидактикадағы дәстүр мен инновациялар

3. Қазақстандағы үштілділік мәселелері және болашағы

4. Аударматанудың өзекті мәселелері

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жұмыстарын бағалау критерийлері:

– Өзектілігі;

– Ғылыми жаңалығы;

– Қойылған міндеттерді шешу бірегейлігі;

– Материалды баяндаудың қисынды дәйектілігі және толықтығы;

Жүлделі орындар алған жеңімпаздар ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен марапатталады.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 наурызға дейін.

Жинақта мақаланы жариялау үшін қажетті құжаттар:

Жинақта мақала жариялау үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына міндетті түрде төмендегілерді жіберу керек:

– Мақаланы жариялауға өтінім;

– Мақаланың мәтіні;

– 3000 теңге ұйымдастырушылық жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі (ұйымдастырушылық жарна конкурс материалдары жинағына енгізілгені туралы расталғаннан кейін ғана төленеді).

Құжаттар ұйымдастыру комитетінің тікелей электронды пошта мекенжайына жіберіледі:

1. Қазіргі әлемдегі тілдер: қоғам-тіл-мәдениет (Ажигенова С.К. green_light0111@mail.ru)

2. Лингводидактикадағы дәстүр мен инновациялар (Мамытова А.Е. m.aigerim.e@mail.ru)

3. Қазақстандағы үштілділік мәселелері және болашағы (Исина Л.А. isina-laura@mail.ru)

4. Аударматанудың өзекті мәселелері (Мажкенова А.Т. luna.zolotaya.2018@bk.ru)

екі файлмен (біреуі – мақала, екіншісі – өтінім). Файл атауы бірінші автордың тегі бойынша (мысалы:Ахметова А. Б.doc).

Ұйымдастырушылық жарна 3000 теңге мөлшерінде мына мекенжайға жіберу керек: АҚ«Kaspi Bank», CASPKZA банкінің БСК, ағымдағы шот нөмірі № KZ68722C000024591925 немесе теңгемен 87011582594 телефонға, Жұман Алтынай Қанатқызы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.