Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті республикалық ЖОО студенттері, магистранттары және докторанттары арасында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында «Қасиетті жерлер – рухани байлығымыз» атты постерлер байқауын жариялайды.
Байқау мақсаты: жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін, кәсіпкерлік және патриоттық рухын дамыту, туған жерінің дамуындағы өз үлесін сезіну дағдыларын қалыптастыру.
Байқау бағыттары:
- Бәрі өзіңнен басталады!
- Мен туған өлке (туып, өскен ауылдың өзекті мәселелері)
- Мен мақтан тұтар ұлы тұлға (өз өңірінен, ата-бабасынан шыққан, қазақ халқының дамуына үлес қосқан тарихи есімдерді таныту)
Байқау шарттары:
- туған жерін, ауылын, қаласын дамытуға қатысты әлеуметтік жоба әзірленеді;
- жоғарыда аталған әлеуметтік жоба бойынша постер дайындалады;
- 10 сәуір күні іріктеуден өткен постерлерді ұйымдастырушыларға ұсыну (60х40 см өлшемді, ПВХ-материалында);
- 11 сәуір университеттің жазғы алаңында постерлер галереясы ұйымдастырылып, жобалар қорғалады.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
- І кезең: қатысушыларды іріктеу – 15- 25 наурыз айында әрбір университет базасында өтеді. Әр университет бір үздік жобаны ұсынады.
- ІІ кезең: 2020 жылғы 11 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында өтеді.