28 ақпанда “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (халықаралық қатысуымен) шеңберінде “Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту перспективалары. Қаржылық тәуекелдерді басқару және бизнесті құқықтық қорғау” тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыста 30 ғылыми баяндама ұсынылды.
Конференцияға Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің (Абакан қ., Ресей Федерациясы), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің (Астана қ., Қазақстан Республикасы) және “Bolashaq” Академиясының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Секция жұмысына құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының баяндамашылары, студенттері, магистранттары мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ “Әділет”студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты.
Секция отырысында заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Қабжанов модератор болды.
Секциялық отырыс шеңберінде мемлекет және құқық теориясының, конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, экологиялық, азаматтық процестік және қылмыстық-процестік құқықтың, криминалистиканың, Қазақстан Республикасының қаржы және салық жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды.
Секция қатысушылары өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алуға және пікір алмасуға мүмкіндік алды.
“Жастардың азаматтық санасын қалыптастырудағы білім берудің рөлі” тақырыбындағы З.Гартманның, “Бухгалтерлік құжаттарды жазбаша дәлел ретінде зерделеу ерекшеліктері” тақырыбындағы А.М. Ахметованың А. М., “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жетілдірудің тиімді бағыттары” тақырыбындағы А. Алтынбектің, “Бюджет кірістерін қалыптастыруда қосылған құндағы салықтың рөлі” тақырыбындағы Б.А. Қуандықованың баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды”.
Секцияда ұйымдастырылған жалпы талқылаудың баяндамашылары мен қатысушылары Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Секциялық отырысқа қатысушылар ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Д.С. Асакаеваға, құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі А.Т. Қабжановқа, құқықтық зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығының маманы Г. С. Смағұловаға конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ерекше алғыстарын білдіреді.