Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады.
Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық.
Конкурсқа ұсынылған эсселер мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
-байқау тақырыбына сай болу:
-автордың жеке ұстанымын, өзіндік идеяларын және эссе тақырыбын қараудың стандартты емес қырларын көрсету;
– автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.
Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін болады.
Жұмыс Word форматында, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйексөздерді, басқалардың пікірлерін пайдалану кезінде, ескертулерде мәлімдеменің дереккөзі көрсетіледі.
Эссенің титулдық бетін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
- тақырып;
- автор туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта;
Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған эсселерді конкурстың қазылар алқасы қарамауға құқылы.
2022 жылғы 15 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды.