Bolashaq академиясында наурыз айынан бастап «Bolashaq-радиосы» іске қосылды.Радиомыздың жүргізушілері Жұрағат Аймарал,Жумабаева Дарина, Рамазанова Аружан. Радио желісі арқылы студенттер мен ұстаздарға пайдалы ақпараттарды бөлісіп, жаңалықтар мен хабарландыруларды жариялаймыз.»Bolashaq» радио желісімен жаңалықтарыңызды бөлісіп отырыңыздыр. Біз әрқашанда хабарлауға дайынбыз.
Жаңалықтар
Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі, адам бойындағы асыл қасиет. Мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі – осы асыл қасиетіміз. Сондықтан әрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Алланың разылығын аңсаған халдегі мұқтаж жандарға шын пейілмен қол ұшын беруі – игілікті іс.Он екі айдың сұлтаны болған Қасиетті рамазан айында «Bolashaq» академиясының […]
06.04.2022ж «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Jauhar» Ғылыми үйірмесі жұмысын бастады. Үйірменің мақсаты: студенттерді ғылыми жұмыстарды жазуға машықтандыру, тіл және әдебиет саласындағы мәселелерді зерттеп, ортаға салып талқылауды жүзеге асыру. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, […]
5 сәуір күні Қарағанды қаласында орналасқан «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Қошкелді Жанболат мешіт жамағатының ұйымдастыруымен бірлесе отырып, «1000 теңгеге Ауызашар» атты акция ұйымдастырылды. Осыған орай, «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Мейірім» волонтерлік қозғалысы студенттері мешіттен бөлінген 40 себетті «Студенттер үйінде» ауыз бекіткен 40 студентке жеткізіп берді. […]
«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалының базасында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары өтті, оған «Қаржы» кафедрасының оқытушылары сарапшы – тренерлер ретінде шақырылды: № Аты-жөні Курстың атауы Мерзімі 1 Дарибекова Назгуль Сагатбековна 2022 жылғы салық заңнамасындағы жаңа мәселе 2022 жылғы 4 сәуірде 2 Абишева Татьяна Юрьевна […]
2022 жылдың 5 сәуірінде Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» газетінде «Пагануцци Н.В.: Сарыарқадағы фан тауларының иесі» (Өмірбаян. Жол жазбалары. Проза) кітабінің тұсаукесері өтті. Өмірбаяндық очерк авторы және редактор-құрастырушы «Bolashaq» академиясының «Руханият» ҒЗО директоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі А.У. Аупенова. Басылым Орталық Қазақстандағы альпинизм мен […]
2022 жылдың 5 сәуірінде з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Bolashaq» академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Г. М.Рысмағамбетова және з.ғ.м., «Руханият» ҒЗО директоры А. У. Аупенова Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйіндегі ғылыми-сараптамалық тобының отырысына қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға […]
5 сәуірде Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» тақырыбында «Брейн-ринг» форматындағы Республикалық зияткерлік ойыны өткізілді. Зияткерлік ойынға 21 команда қатысты.»Bolashaq» Академиясынан «Bolashaq / Big mind» командасы өнер көрсетті. Жарыстың I кезеңінде «Bolashaq / Big mind» командасы 21 команданың ішінен 3 орын, […]
? Ағымдағы жылдың 14-16 сәуір күндері «Жаңа Қазақстан құрудағы жастардың рөлі» атты XVIII Қазақстан студенттері Альянсының шақырылымы өтетіндігі туралы хабарлаймыз! ⠀?Өтетін орны және форматы: Нұр-Сұлтан қ., Astana IT University, оффлайн түрде;⠀✅Шақырылым барысында Мемлекет басшысының “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, студенттер арасында футболдан турнир, қатысушылар […]
Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан әрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Алланың разылығын аңсаған халдегі мұқтаж жандарға шын пейілмен қол ұшын беруі – игілікті іс. Он екі айдың сұлтаны болған Қасиетті рамазан айында «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі […]
2022 жылғы 4 сәуірде Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Б.С. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының докторанттарының алдында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы «Меншікке қарсы қылмыстың криминологиялық сипаттамасы». Сабақтар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті, докторанттар үлкен қызығушылық танытты, алғыстарын білдірді және осындай […]
2022 жылғы 2 сәуірде Балқаш қаласының «№ 17 мектеп-Лицей » КММ гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдері үшін спикерлері «Bolashaq» академиясы» ЖМ Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ИН-18-1 тобының 4 курс студенті Дана Дауренқызы Ахметова, оның ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Калижанова Анна Николаевна және «Аралас оқыту бойынша […]
Наурыздың шуақты жылуы біздің қатысушыларымыз бен қонақтарымыздың «Тұлға Плюс»психологиялық клубының отырысында жанға жайлы жүздесуіне ықпал етті. Президент Дильназа Назарова тек жаңашылдыққа қызығушылық танытушылықтарды ғана емес, сонымен қатар өмірі мен болашақ кәсібінің маңыздылығына таңдана қараушыларды да : ПИП ББ-нің 2,3,4 курс студенттері, қашықтықтан оқыту бөлімінің екінші курс студенттері, магистранттар, оқытушылар Г. […]
31 наурыз күні Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен колледж мұғалімдеріне арналған «Шет тілінен шыққан сөздердің айтылу нормалары»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Закирович баяндама жасады.
30 наурызда «Bolashaq» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын К-20-1 тобында «Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Латын графикасына көшудің артықшылықтары туралы Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі К.З. Сембиев баяндама жасады.