Қолданыстағы заңнамаға және Академия Жарғысына сәйкес заңгер төмендегідей міндеттерді орындайды:
1. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады.
2. Құрылымдық бөлімшелерге құқықтық құжаттарды дайындауда және ресімдеуде құқықтық көмек көрсетеді.
3. Еңбек тәртібін нығайту және ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.
4. Шағымдарды, сот істерін қарау нәтижелерін, шарттарды жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.
5. ЖОО шарттарын әзірлейді және барлық кіріс шарттарына қол қояды, құқықтық сараптама жүргізеді.
6. Құқықтық мәселелер бойынша хаттарға жауап дайындау үшін құрылымдық бөлімшелердің анықтамалар мен басқа да материалдарды уақтылы ұсынуын бақылайды.
7. Мемлекеттік мекемелерде өкіл болып табылады.
8. Кері қайтарып алуға келіп түсетін құқықтық мәселелер, нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады.
9. Ұйым қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, ұйымның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады.
10. Ұйым қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, құжаттар мен мүліктік-құқықтық сипаттағы актілерді ресімдеуге ықпал етеді.
11. Құқықтық дауларды шешу жөніндегі комиссияның құрамына қатысады.
12. ЖОО-ның конкурстық комиссиясының құрамына кіреді.
13. ЖОО ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысады.
14. Өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша тергеу және құжаттарды ресімдеу жұмыстарын жүргізеді.
15. ЖОО-ның Жарғысына, құрылтай және басқа да құжаттарына уақтылы өзгерістер енгізеді.
Құсайынова Әлия Асқарқызы
Лауазымы: Заңгер
Білімі: “Фемида” Заң Академиясы,”Құқықтану” мамандығы;
Академиядағы кәсіби қызмет:
2016 жылдан бастап академияның заңгері қызметін атқарады.
Байланыс телефоны: 8-7212-42-04-25 (ішкі. 504), e-mail: kusainova@kubolashak.kz, awka85@mail.ru