Қашықтықтан білім беру технологиялары және IT-қолдау орталығы туралы

Қашықтықтан білім беру технологиялары және IT-қолдау орталығы – академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қашықтықтан оқыту үдерісін ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу мен білім беру ортасын цифрландыруды қамтамасыз етеді.

Орталық академиядағы цифрлық білім берудің зияткерлік өзегіне айналған. Инновациялар мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, орталық оқу үдерісін қолжетімді, икемді және тиімді етеді. Біз қауіпсіз әрі тұрақты IT-инфрақұрылымды қалыптастырып, оқытудағы цифрлық трансформацияны және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз. Заманауи техникалық база мен өзекті педагогикалық тәсілдердің үйлесімі студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы цифрлық орта құруға мүмкіндік береді.

Орталық академияның қашықтықтан білім беруді дамыту, озық IT-шешімдерді енгізу, білім беру платформаларын сүйемелдеу және студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы цифрлық орта қалыптастыру стратегиясын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Біз тұрақты техникалық қолдау көрсетіп, қашықтықтан оқыту курстарын сүйемелдейміз, кеңес беріп, оқытушылардың цифрлық педагогика саласындағы кәсіби дамуына ықпал етеміз.

Орталықтың миссиясы – қашықтықтан оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету және академияның цифрлық трансформация жағдайындағы сенімді тірегіне айналу.


Орталықтың негізгі қызметтері:

  • Қашықтықтан білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу бойынша мақсаттар, міндеттер мен басым бағыттарды әзірлеу;
  • Академияның барлық оқу корпустарында оқу қызметін техникалық сүйемелдеу;
  • Құрылымдық бөлімшелердің сұранысы бойынша есептік құжаттаманы дайындау;
  • Оқытушылар мен білім алушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңестік қолдау көрсету;
  • Ақпараттық-білім беру ресурстарын қалыптастыру және жүйелі түрде жаңарту;
  • Білім беру платформасына қол жеткізуді әкімшілендіру (ППС және АӘБ үшін логиндер мен құпиясөздерді беру);
  • Бейнебақылау жүйесінің жұмысын бақылау;
  • Академияда өткізілетін конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу.

Сонымен қатар, Орталық оқу қызметін техникалық тұрғыдан қолдауды, сондай-ақ конференциялар, семинарлар және басқа да университеттік іс-шараларды ұйымдастыру мен техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырып, жоғары оқу орнының цифрлық инфрақұрылымын тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Исмагулов Сағыныш Оразханович


ҚОТ және IT-қолдау орталығың басшысы

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Ерубаева 16, 210 каб.

Байланыс телефоны: 8-7212-42-04-25 (вн. 044)

Жұмыс кестесі: дс.-жм. 08.30-17.30