Кітапхана

“Bolashaq” академиясының кітапханасы оқу орнымен бір мезгілде 1996 жылы құрылған және оқу мен ғылыми процестерді әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін академияның жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кітапхананың миссиясы-академиядағы оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық ресурстарды жинақтау, құру, сақтау және ұйымдастыру; қолжетімділік, жеделділік, ақпараттылық және жайлылық қағидаттарына сәйкес студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктерін сапалы қамтамасыз ету.

Кітапхананың мақсаты – оқу, тәрбие процесі  және ғылыми зерттеулерді әдебиетпен және ақпаратпен  қамтамасыз ету, сондай-ақ білімді, рухани, интеллектуалдық қарым-қатынас пен мәдениетті тарату.

Кітапхана қызметінің басым бағыттары:

– Оқу үрдісін және білім беруді қамтамасыз ету үшін кітап қорын қалыптастыру;

– Қорды қалыптастыруды оңтайландыру және оның сақталуы;

– Ресурстар мен технологияларды тиімді пайдалана отырып, Академияның қажеттіліктерін ақпараттық қолдау;

– Оқырмандардың жоғары ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

– Кітапхана жұмысына инновацияларды іздеу, бағалау, әзірлеу және енгізу;

– Кітапхана пайдаланушыларына қолайлы жағдай жасау;

– Кадрларды кәсіби дамыту, олардың біліктілігін белсенді арттыру; -Бағдарламалық қамтамасыз ету: ИРБИС-64.

Шведова Алла Анатольевна

Лауазымы: кітапхана меңгерушісі

Білімі: жоғары филологиялық

Жетістіктері: 2017 жылы Қарағанды қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Академиядағы кәсіби қызметі: “Bolashaq” академиясында 2017 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

Байланыс: телефоны: 42-04-25, ішкі 060, 062; lib_bolashak@mail.ru, lib_kubolashak@mail.ru