2019 жылы “Bolashaq” академиясында таратылған Тәртіптік кеңестің негізінде Әдеп және комплаенс бақылау жөніндегі кеңес құрылды. Compliance ағылшын тілінен аударғанда сәйкестік, келісім, икемділік немесе комплаенс — кез-келген ішкі немесе сыртқы талаптарға немесе нормаларға сәйкестік дегенді білдіреді
Негізгі міндеттерге сәйкес Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
– білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс қорытындыларын қарау;
– қызметтік этиканың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызмет нәтижелерін қарау;
– тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссиялар қызметінің нәтижелерін қарау;
– құқық бұзушылықтардың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
– ғылыми жарияланымдардың этикалық компонентін арттыруға жәрдемдесу, авторлар мен баспагерлердің құқықтарын қорғау, ғылыми жарияланымдардың этикасын бұзумен байланысты жағдайларды қарастыру, сондай-ақ тиісті ұсыныстар дайындау.
– ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтау мониторингі.
– ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және алдын ала бекітуге қатысу.
– ЖОО-да ішкі бақылау және аудит функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің қызметін бағалау.
– заманауи педагогиканың этикалық мәселелерін талқылауға қатысу.
Жукобаев Ахат Абдрахманович
Әдеп және комплаенс бақылау жөніндегі кеңестің төрағасы
Заң пәндері кафедрасының доценті
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: 100012 Қазақстан, Қарағанды, Абай көшесі, 17 үй, каб. 303.
Телефоны: 42-04-25 (ішкі.085);
E-mail: ahat.zkuko@mail.ru;
Жұмыс кестесі: дс.-ЖМ. 08:30-17: 30, түскі үзіліс 13.00-14: 00.