21 желтоқсанда Ю-21-1 тобының студенті Гартман Зинаида “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің теориялық-құқықтық аспектілері” тақырыбындағы өңірлік эссе байқауына қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Эссе байқауы ағылшын тілінде өтті. Өз жұмысында Зинаида берілген тақырыпты терең ашып, қажетті аспектілерді анықтады, өзекті мәселелерді зерттеді және әртүрлі деңгейлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жолдарын ұсынды. […]