№ 6 секциялық отырысты өткізу туралы есеп Педагогика және психология: дамудың өзекті мәселелері мен үрдістері Халықаралық конференция 2022 жылғы 29 сәуірде офлайн және онлайн режимінде өтті. Пленарлық отырыста “Отбасы тұлғаны дамытудағы маңызды фактор ретінде” тақырыбында Қарағанды политехникалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Исмакова Бибсара Сериковна ғылыми баяндама жасады. Сондай-ақ, пленарлық отырысқа шақырылғандар […]
Yearly Archives: 2022
2022 жылдың 29 сәуірінде “Bolashaq” ЖМ академиясында жыл сайынғы “Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында “Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесінің дамуы”тақырыбында секциялық отырыс өтті. Пленарлық отырыста э.ғ.д., доцент, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инженерлік экономика және менеджмент факультетінің деканы Валерий Викторович Бирюков сөз сөйледі. Секция жұмысына шетелдік қонақтар, […]
2022 жылғы 28 сәуірде сағат 16.00-де ZOOM платформасында заң білімінің сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс ҚР БҒМ бастамасымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлының төрағалығымен өтті. “Bolashaq” академиясынан заң білімінің сапасын арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екі мүшесі, атап айтқанда Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы және […]
27 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында студенттермен кездесу өтті.Кездесу барысында, спикер студенттерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтер көрсетудеге функцияларымен таныстырды. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы ( https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk ) агенттік туралы ақпараттар, атқаратын […]
27 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров Нұрлан Мажитұлы қоғамдық белсенділермен, БАҚ өкілдерімен, Қарағанды облысының ЖОО студенттерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан “JasOtan” жастар қанатының «Bolashaq» академиясы бойынша төрайымы Сыздық Анияш Қайратқызы (Ин-19-2), Қазақстан […]
27 сәуір күні «Шахтер» стадионында AMANAT партиясы жанындағы жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «QAISAR» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылар арасында әскери-патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, ұлттық рухты жігерлендіру. Жарысқа қатысушы жастарды қайсарлылық пен жігерлілікке баулу.Ойын ережесіне сәйкес, ұлдар 3000 метр және қыздар 1000 метрге […]
25 сәуір күні “Bolashaq” академиясының Ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай алда тұрған міндеттері жайлы академия студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараның модераторы: Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Исмайлова Р.Н. Кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, профессор М. Хамзин Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша академияда […]
2022 жылдың 20-21 сәуірінде Қарағанды облысы Балқаш қаласының Оқушылар сарайында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар жәрмеңкесі -2022» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс – шараға «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Касетова Н.К. қатысты. Одан бөлек , Қарағанды Е.А.Бөкетов атындағы университеті, Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, […]
? “Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы” КММ “МЕН РЕСУРСТАМЫН” марафоны аясында жоғары курс студенттеріне кәсіби қалыптасу және өзін-өзі анықтау кезеңінде 18-21 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасауға бағытталған кезекті сабақ өткізді. ? “Ресурстар туралы: олар қандай болады; оларды қалай қалпына келтіру керек; ресурстық жағдай дегеніміз не және онда болу деген не?” […]
23 сәуірде “Bolashaq” академиясының гуманистік педагогика клубының төрайымы, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының, ДОВ-19-1 тобының студенті Жампейісова Лаура Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде өткен “Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” ХXV Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция қазіргі заманғы кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті […]
23 сәуірде “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, “Құқықтану”, “Фармация”, “Педагогика және психология” білім беру бағдарламаларының студенттері Мәскеу қ. РХДУ-да өткен “Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” ХXV Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (онлайн-формат). Аталған конференцияға қатысушы-жоғары оқу орындары: Аталған конференцияға қатысушы-жоғары оқу орындары: Ресей халықтар достығы университетіАграрлық-технологиялық институтыОрыс тілі […]
23.04.2022 ж. Қарағанды қаласының №63 ЖББМ мектебінде Григорий Николаевич Потаниннің ғылыми мұрасы бойынша «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ қолдауымен және Томск мемлекеттік университетінің қатысуымен «Сібірдің құрметті ақсақалы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға Қарағанды “Bolashaq” академиясынан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының магистр, аға оқытушылары Жанысбаева Р.М., Бакарамова […]
Шет тілін оқытудың кең таралған және қызықты тәсілдерінің бірі – CLIL-Content and Language Integrated Learning немесе пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту. Ол әлемдегі көптеген әдістемелік мектептерде танымал болып табылады, өйткені оның басқа әдістерден артықшылығы бұған ықпал етеді. Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту тәсілінің негізгі қағидаттары “Тіл” және “интеграция”сияқты ұғымдарға негізделеді. Оның төрт компоненті бір-бірімен […]
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәжірибесі бойынша жауапты Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы жыл сайынғы “Парктер маршы – 2022” табиғатты қорғау акциясы аясында 2022 ж.22 сәуірінде “Бұйратау “мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ Ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Е.Т .Мизембаевпен және орман инженеріА.В.Смакотинмен 6В10101 – “Фармация”ББ студенттерінің кездесуін ұйымдастырды. Табиғи парк өкілдері “Бұйратау “МҰТП маңыздылығы […]
2022 жылдың 22 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында академия оқытушылары Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылының 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар академиялық […]