Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмайды. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей төндіретін қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. […]