16 февраля 2021 года ректор Академии “Bolashaq” профессор Менлибаев Куралбай Несипбекович выступил спикером в прямом эфире, организованном Агентством по противодействию коррупции Карагандинской области на тему “Профилактика коррупции и реализация проекта “Sanaly urpaq”.
Выступление главы вуза нашло отклик среди коллег Академии “Bolashaq”.
М.Хамзин, академия профессоры, филология ғылымдарының докторы:
ҰТЫМДЫ ШАРА
Жемқорлық деген індетпен күресу, оның алдын алу қазірде маңызды міндет. Таяуда осы мәселемен айналысатын облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары А.О.Оразханның төрағалығымен бірқатар ЖОО ректорларымен пікір алмасу өткізгені аса ұтымды шараға жатады дер едік. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет, алайда оның алдын алу ерекше қажет дей келе, «Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Қ.Н.Меңлібаевтың ұсыныстарына ой айтпақпыз.
Расында да жастар бұрын ақыны аз төлейтін оқу орнын іздесе, кейіннен бәлендей талап қоя бермейтін оқу орнын іздейтіні шын. Демек, жаппай болмаса да, осынау үдерісті болдырмау үшін бірлесіп жұмыс істеген жөн. Ректордың келесі бір айтқаны да көңілге қонады және нақты жағы айдан алынғанына біз куәміз. Бізбен ынтымақтасқанына біраз жыл болған Түркия ЖОО-ға үлгерімі бойынша оқудан шығарылған студентті басқа оқу орны қабылдамайды. Оқу орындары арасында келісім бар. Өкінішке қарай, бізде олай емес. Бұл да ойланарлық іс. Ұсыныс айтушы дұрыс атап өткеніндей, оқу орындарының саны мен әлеуеті жағынан Алматыдан кейін екінші орын алатын біздің өңірде бұрын болып, қазірде таратылған өңірдегі ректорлар кеңесі қайтадан құрылса, ең өзекті мәселелер (арасында антикор да бар) талқыланар еді дейді. Қазірде академиялық ұтқырлық үшін оқытушыларымыз бен студенттерімізді басқа өңірлердегі оқу орындарына жіберіп жатамыз, ал ғылыми әлеуеті мол өз өңіріміздегі оқу орындарын неге пайдаланбасқа? Осы ұсыныстарды пайымдай келе, ректордың бұл ұсынысына ден қойған қисынды. Біз мемлекетіміздің болашағы боп табылатын жастарды оқытудамыз, егер істі дұрыс ұйымдастырсақ, білікті мамандарды ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресер тұлғаны да дайындайтынымыз анық.