Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) “Bolashaq” академиясының (бұдан әрі-Академия) ұлттық заңнама мен оқу процесін қамтамасыз етуге және жетілдіруге, сондай – ақ бейінді және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағытталған өзекті проблемалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-педагогикалық магистратурада және докторантурада бейінді мамандар даярлауды іске асыратын
оқу-әдістемелік, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі және болып табылады.
Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бөлімшелерін, ғылыми-зерттеу мекемелерін, халықаралық ұйымдар мен басқа да салаларды жоғары білікті мамандармен сапалы қамтамасыз ету, ғылыми тағылымдамалар өткізу, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру, теориялық және эмпирикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
ҒЗ және ЖББҰО- ның міндеті:–
– бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратурада, докторантурада жоғары білікті мамандар даярлауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және басқа да салалардың ұйымдары мен бөлімшелеріне ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
-іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, алынған нәтижелер мен ғылыми зерттеулерді оқу процесі мен практикаға енгізу;
-білім, ғылым және практиканың тығыз интеграциясы үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие және ғылыми процестерді басқарудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін жетілдіру;
-өз құзыреті шегінде халықаралық, өңірлік және өзге де қосымша білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу;
-Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ғылыми және ғылыми-техникалық қоғамдарымен байланысты нығайту;
-жоғары жалпы мәдениетті, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық кемелділікті ұштастыратын жоғары білікті мамандарды даярлау және жеке адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін қорғауға дайын болу;
-оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру.
Орталық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша сабақтар өткізуге тартылатын Академия кафедраларының оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді.
Орталықтың құрылымы, штаты және жеке құрамының саны “Bolashaq” академиясы ректорының бұйрығымен анықталады.
СЕРІМОВ ЕЛЕУЖАН ЕЛЕМЕСҰЛЫ
Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы орталығының басшысы
Заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті
Білімі:
- Күндізгі жоғары білім (1982-1987 жж.) КСРО, Қазақ КСР, Қарағанды мемлекеттік университеті. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті – Филолог-оқытушы (диплом РВ №108437).
- Сырттай жоғары білім (1994-1997 жж.), Қазақстан Республикасы, ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебі. Мамандығы: құқықтану, заңгер (диплом ЖБ-ІІІ № 0133145)
Кәсіби қызметі жоғары білім беру педагогикасы, кәсіптік білім беру, құқықтану саласы.
Байланыс телефоны: (87212) 42 05 37, ішкі: 047.