“Жақсылық жолы” жәрмеңкесі

“Жақсылық жолы” жәрмеңкесі – игі іске ұмтылған жүректердің бірігуі!
Bolashaq Академиясында өткен қайырымдылық жәрмеңкесі шынайы жанашырлық пен жомарттықтың үлгісіне айналды.

Ашылу салтанатында Академия ректоры К. Б. Аданов жастардың бастамасына сәттілік тілеп, жақсылықтың қоғамдағы рөлін атап өтті.
Жәрмеңкеде:
– Студенттердің қолөнер бұйымдары
– Кітаптар мен дәмді тағамдар
– Кино көрсетілім
– PlayStation
– Караоке сынды қызықты алаңдар ұйымдастырылды.


Жәрмеңке нәтижесінде 420 305 теңге жиналып, қаражат “Үміт” оңалту орталығына бағытталады.
Жақсылық жасаудан жалықпаған Bolashaq жастары – нағыз жанашыр ұрпақ екендерін тағы бір дәлелдеді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.