2023 жылдың 3 наурызында “Bolashaq” Академиясының ПОҚ Қарағанды қаласының “№18 жалпы білім беретін мектеп” КММ-ның 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін және ашық сабағын өткізді.

Фармация кафедрасының аға оқытушылары Теміреева Күмісжан Слямғазықызы мен Хаштай Кенжегүл Сұрағанқызы, сондай-ақ. 2, 4 курс студенттерімен бірге, атап айтқанда, Құсайынова Әйгерім, Картабаева Гүлжан және Кабдолла Аминамен “Дәрілік өсімдік шикізатына фармакогностикалық талдау” тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.


Мектеп оқушыларына “Bolashaq”Академиясы туралы ақпарат беріліп, төмендегідей мағлұмат ұсынылды:
– Академияда оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы, еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерімізді жұмысқа орналастыру туралы;
– Академияға талапкерлерді қабылдау ережелері туралы;
– оқу шарттары, Академияның материалдық базасы, практика базалары, студенттерді әлеуметтік қолдау түрлері.
Кафедра оқытушысы, биолог Хаштай К.С. фармакогностикалық талдау жүргізді. Мұғалім өсімдіктердің анатомиясын микроскоп арқылы көруге мүмкіндік берді, гербарий көрсетті. Сондай-ақ талапкерлерге “Bolashaq”Академиясы туралы буклеттер мен журналдарды ұсынды.

Іс-шара барысында болашақ талапкерлер Академиямыздың оқу процесіне, оқытылатын пәндерге үлкен қызығушылық танытып, студенттік өмір және болашақ мамандық туралы пікір алмасты.

Мектеп әкімшілігі және мектеп талапкерлері Академия ұжымына атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.