Ж.Тәшенев атындағы №54 ЖББМ-нің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу

2024 жылдың 2 қазанында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Нүркенова Г.К., Есмагулова А.А., Алексеева Е.А. Ж.Тәшенев атындағы №54 ЖББМ-нің 10 және 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде оқытушылар жалпы болашақ кәсіпті дұрыс таңдау адамның жарқын келешегінің кепілі екенін айта келе болашақ мамандықты таңдауға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оқушыларға академиямыздағы білім беру бағдарламаларының түрлері бойынша қысқаша мағлұмат берілді. Болашақ талапкерлерге академияның өмірімен жақынырақ танысулары үшін және болашақ талапкерлерге қатысты тың ақпараттар «Bolashaq» Академиясының ресми сайты және инстаграмдағы кафедраның ресми парақшасында ұдайы жаңартылып отыратындығы туралы айтылды.

Кездесу барысында академиямыз туралы толыққанды ақпарат беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.