2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті заң білімінің сапасын арттыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына сенаторлар, ведомстволардың басшылары (ҚР ӘМ, ҚР ІІМ, ҚР БҒМ), ЖОО ректорлары және басқа да заң қоғамдастығы қатысты.
Отырыстың модераторы Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Васильевич Волков болды.
Білім және ғылым вице-министрі Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы , “Қазақстан заңгерлер одағы” РҚБ төрағасы Ақылбай Серік Байсетұлы , ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры СүлейменовТимур Қайырбекұлы , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы, М.С. Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің провосты Пен Сергей Генадьевич баяндамаларымен сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысының және бұрын өткізілген кездесулердің нәтижесінде заң білімінің сапасын арттыру мәселесі бойынша комитет отырысының жалпы жұмысы бойынша қорытынды қабылданды.