12 сәуір 2023 жылы Қарағанды қаласы №2 Оқушылар сарайында «Сарыарқа Дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Ғылым әлеміне» атты көрме өтті. Көрмеде облысымыздың мектеп оқушылары үздік ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Аталған іс-шараға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Академиядан қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қосманова А.Б., құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының оқытушылары Ахметова А.К., Әбдіжами А.Ж. және Ю-20-1 тобының студенттері қатысты.

