Бүгін Тания Хоссейн – Waseda University (Жапония) университетінің профессоры оқу орнымызға арнайы келіп, оқытушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ғалым тіл саясаты, ағылшын тілін оқыту, сондай-ақ жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлі, индекстелетін базаларда мақала шығару туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және академиялық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.



Іс-шара өзара пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және болашақтағы ғылыми серіктестікті дамытуға мүмкіндік берді.
