2024 жылдың 22 қарашасында “Bolashaq” Академиясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру дәрісі өтті. Дәріс “Зияткерлік меншіктің географиялық көрсеткіштері” тақырыбында өткізілді.
Студенттер алдында Қарағанды облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Е. Әбікеев сөз сөйледі.
Дәріскер авторлық құқық, жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар, авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың техникалық құралдары, туындылардың авторлық құқығы туралы айтып берді. Дәріс қызықты өтті. Студенттер сұрақтарға толық жауап алды.