2026 жылғы 31 наурызда «Таза Қазақстан», фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие және әлеуметтік жұмысын іске асыру мақсатында, сондай-ақ ботаниканы тәжірибелік-бағытталған зерттеу және ботаникадан практикаға кіріспе ретінде кафедра оқытушысы Темиреева Назым Бағдаулетқызының жетекшілігімен «Фармация» БББ 1 және 3 курс студенттері Теміртау қаласының Ботаникалық бағына саяхат жасады.

Сапар барысында студенттер тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің алуан түрлілігімен танысты. Олардың ішінде фикус Бенджамина, пальмалар, монстера, араукария, хлорофитум және драцена сияқты өсімдіктер ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, бақта кездесетін жануарлар әлемі, соның ішінде тауыстар да студенттердің назарын аударды.


Экскурсия барысында студенттер өсімдіктердің шығу тегі, өсу ерекшеліктері, экологиялық маңыздылығы және емдік мақсатта қолдыналатын түрлері туралы білімдерін толықтырды. Назым Бағдаулетқызы табиғатты, қоршаған ортаны экологиялық қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Экскурсия студенттердің ботаниканы зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге көмектескен маңызды және білім беру іс-шарасы болды.