2024 жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы», «Жаңа Қазақстан» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің байқауы өткен болатын.
Сол байқауға “Bolashaq” Академиясының белсенді студенті КАДРИН ТІЛЕГЕН БЕРЕКЕҰЛЫ қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша
Ол «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атанып, І- дәрежелі Диплом иеленді! Онымен қоса статуэтка, төсбелгі және төсбелгіні растайтын куәлік алды!
Марапаттау рәсімі 23 қазан айында Астана қаласы ҚР Ұлттық мұражайында өткен болатын.
Айта кетейік, байқауға қатысуға арнайы бір сала үздіктері бойынша іріктелген еді:
– Ғылым саласында,
– Өнер саласында,
– Спорт саласында
жетістікке жеткен, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) студенттер арасынан қабылданды.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан. Түркия, Әзірбайжан елдерінің үздік студенттері жиналды. ”Bolashaq” Академиясында осындай үлгі тұтар студенттердің оқып жатқанына қуаныштымыз! Кадрин Тілеген айтарымыз: әлі талай шыңдарды бағындыратынына сенеміз! Шын жүректен құттықтаймыз!