Түрік тілі тыңдаушылары арасында сайыс

ТҮРІК ТІЛІ тыңдаушылары арасында Академиямыздың түрік тілі пәні бойынша аға оқытушысы Исмагулов Сагыныш Оразханұлы мен “Шырақ» тілдерді оқыту орталығының бірлесе ұымдастырған “Тұлға болам” атты қалалық байқауы өтті.

Байқауда Сағыныш Оразханұлы жүргізуші болып, әрі қазылар алқасында орын алды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Байқауға 4 команда қатысып, 3 кезең бойынша білімдерін, тапқырлықтарын және түрік тіліне деген қызығушылықтарын паш етті.

Тыңдаушылар өздерінің тілдік деңгейін көрсетіп қана қоймай, нағыз тұлға болуға ұмтылған білім мен ынтаның үлгісін көрсетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.