«Ұлы Жеңіске — 80 жыл!»

2025 жылғы 8 мамырда  Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Назым Багдаулетовна Фм-23-2 тобында «Ұлы Жеңіске – 80 жыл!» атты кураторлық  сағат  өткізді. Кураторлық сағатқа Темиреева К.С., Блялев С.А қатысты.

Кураторлық  сағаттың негізгі  мақсаты:

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай студенттерді  өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Күн тәртібінде талқыланған мәселе бойынша аға оқытушысы  Темиреева Н.Б. студенттерімізді  ата-бабаларымыздың соғыс кезіндегі батырлығы мен ерлігін көрсететін құнды тарихи экспонаттармен таныстырып, еліміздің Жеңіске қосқан зор үлесін тереңірек түсіндіріп, бұл шара арқылы біз бабаларымыздың ерлігін еске алып , олардың жауынгерлік рухын келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Іс-шара барысында Фм-23-2 топ студенті Қарабаева Гүлнұр  өз ой-пікірін білдіріп: «Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді. Жауынгерлеріміздің бірлігі, асқақ рухы арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті.» – деп айта кетті, және тәрбие сағатының соңында бейнероликтер көрсетілді.

Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз.

Жеңіс күні құтты болсын!

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.