Жастардың мамандық таңдауы – өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Осыған байланысты, кәсіби бағдарлау жұмыстары қазіргі таңда үлкен маңызға ие. Сол себепті де жастардың қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектесу қажет.

Осыған орай академиямыздың оқытушылары Шахтинск қаласының мектептеріне кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу мақсатында барып, оқушылармен белсенді байланыс орнатып қайтты. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың болашақтағы мамандықтарын таңдауына көмек көрсету болып табылады.

Шахтинск қаласының мектептеріне кәсіби бағдарлау жұмыстары екі күндік сапарға жоспарланып жүзеге асырылды. Алғашқы күні қала мектептері, ал екінші күні қала маңындағы елді мекендер қамтылды.
11.03.2025:
- «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
- «Евней Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- «№7 Жалпы білім беретін мектеп» КММ;
- «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
- «Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- «№ 6 Жалпы білім беретін мектебі» КММ.
12.03.2025:
- «№ 11Жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- «№ 4Жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- «№ 2Жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- «№ 12Жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Шахтинск мектептерінде өткізілген кәсіби бағдарлау шараларында оқушылармен арнайы әңгімелесулер, кеңес берулер ұйымдастырылды. Оқушыларға қазіргі еңбек нарығы, сұранысқа ие мамандықтар, және олардың даму мүмкіндіктері жайында түсініктер берілді.

Педагогика кафедрасының оқытушылары екі күндік жұмыс сапарында оқушыларға академиямыз және ондағы білім беру бағдарламалары туралы толыққанды ақпараттар беріп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Болашақ талапкерлерге академияның өмірімен жақынырақ танысулары үшін және болашақ талапкерлерге қатысты тың ақпараттар «Bolashaq» академиясының ресми сайты мен инстаграмдағы кафедраның ресми парақшасында ұдайы жаңартылып отыратындықтан, сайтпен пен парақшаларға жазылуға шақырды.

Кездесуде оқытушылар жалпы болашақ кәсіпті дұрыс таңдау адамның жарқын келешегінің кепілі екенін айта келе болашақ мамандықты таңдауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.