7 наурыз күні «Bolashaq» Академиясында боксшы, Олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Бейжің және Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Серік Сәпиевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Серік Сәпиев спорттағы жетістіктері мен өмірлік тәжірибесі жайлы әңгімеледі. Ол спорттағы алғашқы қадамдарынан бастап, Олимпиада биігіне жеткенге дейінгі қиын әрі қызықты жолы туралы шынайы әсермен бөлісті. Жеңіске жету үшін тәртіп, еңбекқорлық және табандылықтың қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті.


Студенттер үшін бұл кездесу тек сұхбат қана емес, баға жетпес тәжірибе болды! Олар чемпионға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, спорттағы қиындықтар, жеңілістен кейін қайта тұру, мотивацияны сақтау және биік мақсаттарға жету туралы құнды кеңестер алды.

Кездесу соңында естелік суреттерге түсіп, Серік Сәпиев қолтаңба үлестірді.




Бұл күн студенттер үшін ұмытылмас әсер мен жарқын сәттерге толы болды.

Академия басшылығы Серік Сәпиевке еліміздің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, оған «Bolashaq» Академиясының «Құрметті профессоры» атағын табыстады.

Академия әкімшілігі мен студенттері Серік Сәпиевке ерекше сұхбаты мен құнды кеңестері үшін шынайы алғыс білдірді!