Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және академиялық белсенділікті арттыру мақсатында «Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация» кафедрасының магистранттары халықаралық ғылыми конкурстар мен конференцияларға қатысып, зерттеу дайындығының жоғары деңгейін және академиялық құзыреттерін көрсетті.
II Халықаралық ғылыми жұмыстар конкурсы «Ғылым және инновациялар» қорытындысы бойынша кафедра магистранттары ғылыми жетекшісі, PhD доктор, доцент, кафедра меңгерушісі Газиханова Жанар Ғазизовнаның жетекшілігімен жүлделі орындарға ие болды.
- Оспанова Айдана Каирбековна (МИН-25-2 тобы) «Critical thinking in English lesson» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды және I орын алды.
- I дәрежелі жеңімпаз ретінде Макарчук Яна Ивановна (МИН-24-1 тобы) «Enhancing high school students’ oral communication through speaking clubs: integrating extracurricular communicative practice with the school curriculum» тақырыбындағы зерттеуін таныстырды.


Ғылыми жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Альжанова Айнұр Ырысқызының басшылығымен Каржасова Ақерке Рахмановна (МИН-25-1 тобы) «Factors influencing motivation of secondary school students in foreign language learning» тақырыбындағы жұмысы үшін I дәрежелі жеңімпаз атанды.
Конкурсқа сондай-ақ МИН-24-1 тобының студенті Накупова Руана Қайржанқызы қатысып, «Designing and evaluating instructional strategies to stimulate critical interpretation during English lessons in secondary school students» тақырыбындағы зерттеуін таныстырды.


Сонымен қатар, II Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы «Молодые имена в науке – 2025» аясында «Филологиялық ғылымдар» секциясында I орын алған Цанцураева Лейла Имрановна (МИН-24-1 тобы) эксперттік қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ол «Challenge-based learning as an innovative framework for developing critical thinking in foreign language education» тақырыбындағы жұмысын Газиханова Жанар Ғазизовна жетекшілігімен орындады.

Алынған нәтижелер магистранттардың ғылыми құзыреттерін қалыптастыру, академиялық жазу дағдыларын дамыту және зерттеу мәдениетін қалыптастырудағы кафедраның жүйелі әрі мақсатты жұмысын көрсетеді.
«Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация» кафедрасы студенттер мен олардың ғылыми жетекшілеріне халықаралық ғылыми алаңдарда академияны лайықты танытқаны үшін алғыс білдіреді және олардың кәсіби әрі ғылыми жетістіктерге қол жеткізуін тілейді.